Ақтөбеде 9 жастағы бала әткеншектен құлап, көз жұмды

Оқиға кеше кешке болған. Балаға ашық бас-ми жарақаты, бас сүйегінің негізгі бөлігінің, мойын омыртқасының жабық сынуы диагнозы қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жедел жәрдем бригадасы жеткен кезде бала ес-түсін білмейді. Көршілері жүрегіне массаж жасаған. 103 қызметінің мамандары бірден реанимацияға кірісіп, 30 минут бойы құтқаруға тырысты. Бірақ ол нәтиже бермеді. Сағат 19:41-де ми қызметі тоқтады, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі.

«Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету» бабы бойынша іс қозғалды.

Qazaqstantv-нің мәліметінше, қазір сот алды тергеу жүріп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Өзгелердің жаңалығы