Ақтөбеде 8-сынып оқушысы жоғалып кетті

Ақтөбеде жоғалған оқушы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2008 жылы туған 8-сынып оқушысы Иов Антон Алексеевич 27 қарашада сағат 15:00-де үйден көшеге шығып кетіп, қайтып оралмаған.

Фото: Polisia.kz

Белгілері: дене бітімі арық, бойы 160-165 см, көздері көк. Үстінде қара түсті бас киім, қоңыр күрте, қою көк түсті шалбар, қара рюкзак болды. Іздеуге полицейлер, ҚР ҰҰ әскери қызметшілері және Zello-poisk еріктілері тартылды. Қандай да бір ақпарат білсеңіз, "102" немесе 8771-785-1058 телефондарына қоңырау шалуды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы