Ақтөбеде 7-сынып оқушысы жүкті болып қалған

Өңірдің полиция департаменті бұл деректі растады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

"Актобе Таймс" порталының мәліметінше, Ақтөбедегі мектептердің бірінде оқитын оқушының зорланғаны туралы ақпарат тарады. 

Ақтөбе облысы полиция департаменті баспасөз қызметі қыздың жүкті болып қалғанын растады. Дегенмен қыздың зорланғанын жоққа шығарды. 

Зорлау дерегі расталмады. Барлығы екі жақтың келісімен болған. Салдарынан қыз жүкті болып қалған. Дегенмен біз қылмыстық іс қозғадық. Басқа ақпарат жария етілмейді, - деді Ақтөбе облысы ПД баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов.

Еске салсақ, шілде айында Павлодар облысында 12 жастағы оқушының босанғаны хабарланған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы