Ақтөбеде 50-ден астам отбасы баспаналы болды
Ақтөбе облысында Мәртөк ауылында 54 отбасы жаңа қонысқа кіріп, баспаналарының кілтін алды. Облыс әкімі Асхат Шахаров Мәртөк ауданына сапары аясында жаңа баспана иелеріне құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Баспана алған отбасылардың бірі – Өзбекстаннан көшіп келген қандас Кәмшат Кукамбаеваның отбасы. Олар бірнеше жыл Достық ауылында тұрған. 7 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасы баспана кезегін 3 жылдай күткен.
Біздің үй кең, жарық және жылы. Отбасымыз үлкен, бөлме жеткілікті. Баспана алғанымызға өте ризамыз. Бұл біз үшін үлкен көмек, - деді Кәмшат Кукамбаева.
Ел Президентінің тапсырмасы бойынша біз мұқтаж отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуді жалғастыра береміз. Бүгін Сіз көптен күткен баспанаға қол жеткіздіңіз және бұл мемлекеттің қолдауының арқасында мүмкін болып отыр. Біз кезекте тұрған әрбір адамның жайлы өмір сүруіне жағдай істейміз. Сіздерге жаңа үйлеріңізде қуаныш көп болсын, отбасыларыңызға амандық тілеймін, – деді әкім.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақмола облысында сегіз ауылға сапалы ауыз су берілді
Келесі жаңалық
Астанада қар күреуге 2,6 мыңнан астам жұмысшы шықты
Өзгелердің жаңалығы