Ақтөбеде 40 келі марихуана тәркіленді

Ақтөбеде полицейлер 40 келі марихуана тәркіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы бөлімшенің жауынгерлерін тарта отырып, Сүт зауыты ауданында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 32 жастағы жүргізушінің басқаруымен Mercedes Benz автокөлік тоқтатылды. 

Тінту барысында көліктің жүк салғышынан салмағы 12 кг-нан асатын есірткі заты бар полиэтилен пакет табылды. Сондай-ақ жалдамалы пәтерде ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік затының ішінен ақ түсті 2 қап тәркіленді. Сараптама актісінің қорытындысына сәйкес, алынған заттар жалпы салмағы 40 кг-нан асатын марихуана есірткі екені белгілі болды, - делінген хабарламада.

ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. Күдікті қамауға алынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скриншот
Өзгелердің жаңалығы