Ақтөбеде 34 жастағы қызды жігіті пышақтап кеткен
Ақтөбеде дәрігер болып қызмет етіп жүрген қыз жігітінің қолынан қаза тапты, деп жазады BAQ.KZ.
Бұл туралы "НеМолчиKZ" қорының ресми парақшасында хабарланды.
Марқұм 9 жыл бойы медициналық университетте білім алып, эндокринолог болып жұмыс істеп келген екен. Алайда оның жігіті қыр-соңынан қалмаған көрінеді. Кеше балкон арқылы үйге кіріп, қызды пышақтап кеткен.
Туысқандарының сөзінше, мұнымен қоймай, ер адам оның көлігін айдап әкеткен. Салдарынан қаскөй жол апатына түсіп, құқық қорғау органдарына ұсталған.
Ақтөбе облысы Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерекке сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақмолалық диқандар егін егуге дайындалып жатыр
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы