Ақтөбеде 33 шетел азаматы жол апатына түсті

Ақтөбеде ТЖМ құтқарушылары 33 шетел азаматын эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, түнде Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы аттас кентінен 40 км қашықтықта "Самара-Шымкент" тас жолының жабық учаскесінде "Уфа - Самарқанд" жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысқан.

ТЖМ қызметкерлері вахтовкамен 33 Өзбекістан азаматын жолдың қауіпсіз ашық учаскесінде орналасқан басқа автобусқа дейін эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ, - делінген хабарламада.

ТЖМ ауа-райы жағдайы жолдағы жағдайды едәуір қиындатуы мүмкін екенін еске салады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов -архив
Өзгелердің жаңалығы