Ақтөбеде 230 студент облыс әкімінің атаулы стипендиясына ие болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19 маусым күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде Ақтөбе облысы әкімінің атаулы стипендиясын тағайындау шарасы өтті.
Аймақ басшысы мемлекет тарапынан жастарға көрсетіліп жатқан қолдауларды атап өтті.
2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялануы жастар үшін үлкен мүмкіндіктер берсе, үстіміздегі жылды "Волонтер жылы" деп жариялануы мемлекет тарапынан жас ұрпақты қолдауға бағытталған маңызды қадам. Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев Қазақстан – жас әрі жастардың мемлекеті! Жастарымыз – дамудың қозғаушы күші. Барлық мемлекеттік органның міндеті – жастардың өзін өзі жақсы танытуына жағдай жасау және олардың оң бастамаларына қолдау көрсету, екенін айтқан болатын. Ақтөбе өңірінде талантты, білімді, тәртібімен үлгі боларлық жастарымыз жеткілікті. Облыстың дамуына үлес қосуға ниетті жастарды біз әрқашан қолдауға дайынбыз, - деді Оңдасын Оразалин.
Сондай-ақ, Аймақ басшысы “Жүректен жүрекке” еріктілер тобының белсендісі Әлішер Садыққа Президент Қасым-Жомарт-Тоқаевтың алғыс хатын табыстады.
ЖОО басшылары мен жастар ұйымының мүшелерінен құралған комиссияның шешімімен ЖОО, колледждің қоғамдық жұмыстарда белсенділік көрсеткен, дарынды, әлеуметтік осал топтағы 230 студентіне стипендия тағайындалды. Оның ішінде жоғары оқу орындарының 190 студентіне 120 мың теңге, колледждің 40 студентіне 70 мың теңге беріледі.
Айтып өтейік, аталған стипендия тағайындау шарасы 2017 жылдан бастап жүзеге асып келеді. Осы уақыт аралығында жалпы 850 ақтөбелік жас облыс әкімінің атаулы стипендиясын алды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ҰСО: Мобильді ПТР-зертханалар қалай жұмыс істейді?
Келесі жаңалық
Израиль премьер-министрін қамауға алу туралы ордер берілді
Өзгелердің жаңалығы