Ақтөбеде 23 оқушы тәттіден уланып, ауруханаға түсті
Ақтөбе облысында 4-сыныптың 23 оқушысы улану белгілерімен шұғыл түрде ауруханаға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Белгілі болғандай, оқиға 18 ақпанда Қобда ауданы, Қобыланды батыр атындағы орта мектепте болған.
Барлығы 23 бала ауруханаға түсті. Сөздеріне қарағанда бір бала белгісіз бір тәттіні мектепке апарып жейді. Ол тәттіні 7 бала жеген. Өзге балаларда кері әсерін берді. Көздері жасаурады, денесі қышып, мазасызданды. Дәрігерлер тексеріп, барлығы 7 баланың асқазанын шайған. Сол күні 2 баланы ата-анасы үйіне алып кетеді. Бүгін ауданға білікті дәрігерлер барды. Олар балаларды тағы бір қарап шықты. Барлығы 9 баланы қалдырды, ертең үйіне шығарылады, – деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, балалар жеген тәтті сараптамаға жіберілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Президенттің Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапары аяқталды
Өзгелердің жаңалығы