Бүгiн 2026, 03:11 Фото: скрин

Ақтөбеде 2 миллион теңге ұрлаған үш күдікті ұсталды

Тергеу мәліметінше, күдіктілер тұрғындар ұйқыға дайындалып жатқан сәтте үйге баса-көктеп кірген.

Ақтөбе қаласында полицейлер пәтерді тонап кеткен үш күдіктіні ұстады. Қылмыс 20 сәуірге қараған түні болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тергеу мәліметінше, күдіктілер тұрғындар ұйқыға дайындалып жатқан сәтте үйге баса-көктеп кірген. Ашық түрде әрекет еткен олар шамамен 2 миллион теңгені қолды қылған.

Пәтер иесінің айтуынша, бұл қаражат жуырда сатылған автокөліктен түскен. Тергеушілердің болжамынша, күдіктілер ірі соманың бар екенін алдын ала білген болуы мүмкін.

Қылмысты ашу үшін полиция қызметкерлері бірқатар жедел іс-шаралар жүргізді: куәлардан жауап алынды, бейнебақылау камераларының жазбалары зерттелді және күдіктілердің қозғалыс бағыттары талданды. Нәтижесінде үш адамның да жеке басы анықталып, олар ұсталды.