Ақтөбеде 14 жасар бала жүргізген мопед жеңіл көлікпен соқтығысты
Тағы бір мопед жолаушысы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Ақтөбе қаласында мопед жүргізген 14 жасар бала жеңіл көлікпен соқтығысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
8-сынып оқушысы Мұстафа Шоқай көшесі бойымен мопедпен келе жатып, «Honda» автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2010 жылы туған кәмелетке толмаған мопед жолаушысы Ақтөбе қаласындағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Анықталғандай, мопед мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз болған. Сонымен қатар, мопед жүргізушісі 14 жаста болғандықтан, жүргізуші куәлігі болмаған.
Көлік құралдары арнайы тұраққа қойылды. Аталған дерек бойынша тексеру жүргізілуде. Ақтөбе облысының полиция департаменті ата-аналарды кәмелетке толмағандарға бақылауды күшейтуге және тиісті құқығы жоқ тұлғалардың көлік құралдарын басқаруына жол бермеуге шақырады. Еске саламыз, мопед міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс, ал мопедті басқаруға 16 жастан бастап, «A1» санатындағы жүргізуші куәлігі болған жағдайда ғана рұқсат етіледі, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Бурабайда квадроциклмен ағашқа соғылған қыздың жағдайы туралы хабарлаған болатынбыз.
- Пошта арқылы есірткі тасымалдаған ер адам 16 жылға сотталды 00:27
- Жарты жылда қазақстандықтардан медициналық көмек сапасына 14 мыңнан астам шағым түсті 16.07.2026
- Астанада жол ережесін 87 рет бұзған жүргізуші 15 күнге қамауға алынды 16.07.2026
- Венгриядағы рейтингтік турнир: Едіге Қасымбек финалға шықты 16.07.2026
- "Қазгидромет" 17 шілдеде бірнеше өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасады 16.07.2026
- Қазақстан құрамасы U19 Азия чемпионатын бес алтын медальмен аяқтады 16.07.2026
- "Бурабай", "Сығанақ" және "ТМД 35 жыл" монеталары жарық көреді 16.07.2026