Ақтөбеде 10 жасар қыз аулада тұрған көлікте өртеніп кеткен

Қайғылы оқиға Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Дон ауылында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 27 тамызда ауылдардағы үйлердің бірінде ВАЗ маркалы көлік өздігінен өртенген. Өкінішке қарай, көлікте болған бүлдіршін қаза болған. 

Көліктің өздігінен жана бастағаны көрші үйдің бақылау камераларындағы видео расталып отыр. Қыздың ата-анасы қайғылы оқиға кезде үйде болған көрінеді.

Өртену себептері анықталып жатыр. Қыздың денесінің табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар да тағайындалды, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы