Ақтөбе тұрғыны есірткі сатқаны үшін ұсталды
ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп Есірткі және психотроптық заттарды аса ірі көлемде сақтау және өткізу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қаржылық барлаудың талдамалық материалдары негізінде жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде есірткінің түрлерін, оның ішінде синтетикалық есірткілерді аса ірі көлемде сатумен айналысқан Ақтөбе қаласының тұрғыны анықталды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде ол қылмыс үстінде ұсталып, оның тұрғылықты жерінде тінту жұмыстары жүргізіліп, одан «Alfa-PVP» синтетикалық есірткі заты; кокаин және каннобиноидты топтың есірткі заттары табылып, тәркіленді.
Аталған азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Журналистерді қолдау қоры құрылды
Өзгелердің жаңалығы