4 Қараша 2026, 09:37 Фото: Бас прокуратура

Прокуратураның араласуымен 3,5 млрд теңгелік инвестициялық жобаның мәселесі шешілді

Ақтөбе қаласында инвесторлардың құқықтарын қорғау және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жұмыстары жалғасуда.

Құны 3,5 млрд теңгені құрайтын «KAMAZ» мультибрендті сервистік орталығының құрылысын сүйемелдеу барысында нысанды электр желілеріне қосу мәселесі анықталды.

Бастапқыда берілген техникалық шарттарға сәйкес, нысанды 7,5 км қашықтықта орналасқан қосалқы станцияға қосу көзделген. Бұл инвестор үшін қосымша қиындықтар туғызған. Ақтөбе қаласы прокуратурасының араласуының арқасында техникалық шарттарқайта қаралып, инвесторға объектіні жақын жердегі қалалық электр желісіне қосу мүмкіндігі берілді. Осылайша, жобаны жүзеге асыруға кедергі келтірген мәселе шешілді, – делінген ведомство ақпаратында.

Жоба пайдалануға берілгеннен кейін 70 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.