Ақтөбе полицейлері бұрын жасалған жылқы ұрлығы қылмысының бетін ашты

Өткен жылдың қараша айында Пригородный кентінде орналасқан шаруа қожалығының аумағынан үш жылқы ұрланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полиция қызметкерлері 36 жастағы күдіктіні ұстады. Ол өз қылмысын мойындап, жылқыларды сойған орынды көрсетті. 

Сол жерден жылқылардың басы мен терісі тәркіленді.

 Мал ұрлығы фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 3-бөлігі "Мал ұрлығы" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы