Ақтөбе облысының құтқарушылары рейдке шықты
Жыл басынан бері Ақтөбе облысында 9 адам өрттен қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Облыс құтқарушылары қаңтар айынан бері 452 рет тілсіз жаумен күрескен. Дені баспаналарда тіркелген. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары үй-үйді аралап, халыққа қауіпсіздік шараларын еске салды. Бұл жолы құзырлы орган өкілдері облыс орталығындағы 70-ке жуық жатақхана мен хостел тұрғындарымен жүздесті.
Себебі мамандардың айтуынша, бұл ғимараттардың көбі қауіпсіздік талаптарына сай келе бермейді.
Қазіргі таңда енді сол жылу қазандықтарына, электр жабдықтарына назар аударып жатырмыз. Кемшіліктерді анықтаған жағдайда парақшаны беріп, ұсыныстар айтып жүрміз оларға, - деді қалалық ТЖБ бастығы Азамат Нагимов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жол мәселесі. Қазақстан халықаралық ұйыммен тәжірибе алмасады
Өзгелердің жаңалығы