Ақтөбе облысының прокуратурасымен мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтары қорғалды

Алға ауданының прокуратурасымен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметіне мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тегін қызмет көрсету бойынша талдау жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ

Талдау барысында, 1 топтағы мүгедектер санаты бойынша 67 адамға және мүмкіндігі шектеулі балаларға «инватакси» қызметтерін көрсету саласында бұзушылықтар анықталды.

Мысалы, тасымалдауды қамтамасыз ететін көлік құралы көтеру механизмімен немесе көлік құралына кедергісіз кіруге арналған құрылғымен жабдықталмаған.

Прокуратураның шараларымен заң бұзушылықтар жойылып, Алға қаласына көтергіш механизммен жабдықталған «Инватакси» көлігі берілді.

Прокурорлық қадағалау актісімен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы