Ақтөбе облысының газ өңдеу зауытында өрт сөндірілді
Жаңажол кен орнының "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" газ өңдеу зауытындағы өрт толығымен сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жергілікті уақыт бойынша сағат 6:20-да өрт толығымен сөндірілді.
Еске сала кетсек, 1 мамырда сағат 15:55-те (Ақтөбе облысының уақытымен) 112 пультіне Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің Жаңажол кен орнында «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ №2 газ өңдеу зауытының аумағында қондырғы өртенгені туралы хабарлама келіп түскен.
ТЖД басшылығы аэровизуалды барлау жүргізді.
Ақтөбе облысы ТЖД жедел штаб құрылды.
Өртті сөндіруге Ақтөбе облысы ТЖД және «Семсер өрт сөндіруші» ЖШС 50-ден астам өрт сөндіруші мен 9 бірлік техника жұмылдырылды.
Өрт сағат 20:35-те оқшауланған болатын.
Күйік алған 4 жұмысшы Темір ауданының орталық ауруханасына шұғыл түрде жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Франциядағы ереуіл қақтығысқа ұласты
Өзгелердің жаңалығы