Ақтөбе облысының бес жұмыссыз азаматы алаяқтың құрбаны болды

Ақтөбе облысының бес жұмыссыз азаматы алаяқтың құрбаны болды,деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Ақтөбе қаласының полициясына бес азамат алаяқтық туралы арызбен жүгінді.

Жәбірленушілердің айтуынша, олардың достарының танысы Атырау облысының Теңіз кентінде мұнай компаниясына вахталық әдіспен жұмысқа орналастыруға уәде беріп, олардың ақшасын иемденген.

Жәбірленушілер вахтаға жұмысқа орналасу үшін күдіктінің картасына 100 мыңнан 200 мың теңгеге дейінгі көлемде ақша аударған.

Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен Атырау облысының 25 жастағы тұрғынын анықтады.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы