Ақтөбе облысының аумағында 51 шетелдік азамат қауіпсіз жерге жеткізілді
Ақтөбе облысының аумағында Тәжікстан және Өзбекстан Республикаларының 51 азаматты эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап.
30 желтоқсанда Ақтөбе облысындағы Самара-Шымкент тас жолында УФА-Ташкент бағыты бойынша жүрген жолаушылар автобусы аударылды.
Авариялық құтқару жұмыстары нәтижесінде құтқарушылар Өзбекстан, және Тәжікстанның азаматтарын Қарабұтақ ауылы «Маяк» кемпингіне эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ азаматтардан ауа-райының өзгеруін қадағалап отыруды, автожолдарда автокөлік қозғалысына шектеулер енгізу кезінде жолға шықпауды сұрайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы