Ақтөбе облысындағы Ырғыз ауданында жағаны нығайту жұмыстары жүруде

Ақтөбе облысы аумағында ахуал тұрақталды. Қазіргі уақытта тек Ырғыз ауданында ғана жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Онда Қостанай облысынан аққан Торғай өзені су деңгейінің көтерілу қаупі бар.

Қазіргі уақытта Ырғыз ауданы аумағында су тасқынына қарсы іс-шараларға 798 адам, 25 бірлік техника, 3 жүзу құралы және бір тікұшақ жұмылдырылған. Олардың барлығы Мамыр, Белшер, Құйлыс, Жайсанбай, Нұра ауылдарындағы жұмыс істеп жатыр. Жалпы, ұзындығы 15 км болатын бөгеттер нығайтылды. 12 сәуірден бастап 1280 адам эвакуацияланды, оның ішінде 652 бала, - деді Ақтөбе облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау капитаны Нұрбек Оралбаев ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы