Ақтөбе облысындағы су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр

Ақтөбе облысында тұрғын үйлер мен аула аумақтарынан су сору жұмыстары жалғасуда. Өткен тәулікте 70500 текше метр еріген қар суы сорылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда Қобда ауданының Қобда ауылында тартылған күштер мен құралдармен 13 тұрғын үйден су сору жұмыстары жалғасуда. Бұған дейін эвакуацияланған 12 адам уақытша эвакуациялау пункттерінде, 79 адам туыстарының үйлеріне орналастырылды. 365 адам өз үйлеріне оралды. Бұған дейін қауіпсіз жерге айдалған ауыл ауыл шаруашылығы жануарлары өз қорасына оралды.

Жағдай тұрақты бақылауда. Өңірде көктемгі су тасқыны кезеңінде жедел шаралар қабылдау мақсатында облыстық су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс істейді. «Жедел желі» телефоны жұмыс істейді, оған ақпараттық сипаттағы 135 қоңырау түсті.

2023 жылғы 14-23 наурыз аралығында Ақтөбе облысында 598 786 м3 су сорылды, 29 333 дана қапшық төселді. 1 учаскеде су бұруға арналған траншеялар қазылды, ұзындығы 3600 м жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді, 15 286 м3 инертті материал әкелінді, ұзындығы 325 метр уақытша бөген салынды. Қобда өзеніне ұзындығы 1000 метр су бұру каналы салынды. 593 550 мың текше метр қар шығарылды, - делінген ақпаратта.

Жалпы, Ақтөбе облысы бойынша су тасқыны кезеңі басталғанға дейін жүргізілген су өткізгіш құбырларды орнату, арық жүйесін тазарту, қар шығару бойынша су тасқынына қарсы алдын алу іс-шаралары су тасқыны қаупін азайтуға ықпал етті.

Қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан инженерлік және басқа да жұмыстар температуралық фонның күрт жоғарылауымен және топырақтың максималды қату көрсеткіштері жағдайында қардың күрт еруімен байланысты күрделі гидрометеорологиялық жағдайларда жағдайды тез тұрақтандыруға ықпал етеді. Су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда, - деп хабарлады  Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы