Ақтөбе облысындағы Мамыр ауылынан 80 адам эвакуацияланды

Ақтөбе облысында 80 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісовтың басшылығымен құтқарушылар эвакуациялау жұмыстарын жүргізді.

Құтқарушылар ҚР Қорғаныс министрлігінің тікұшағында Мамыр, Нұра ауылынан Ырғыз ауданына 80 адамды, оның ішінде 53 баланы эвакуациялады.

Эвакуацияланған тұрғындар Ырғыз ауданындағы мектепке жеткізілді. 

Естеріңізге сала кетейік, Торғай өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Ырғыз ауданының аумағында Мамыр елді мекенін су басу қаупі туындады.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы