Ақтөбе облысындағы автожолда 55 шетелдік азамат құтқарылды
Ақтөбе облысында «Ташкент-Қазан» қатынасымен жүретін жолаушылар автобусы ақаулығына байланысты бұзылып қалды. Автобус ішінде 55 Өзбекстан азаматы болған, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Оқиға «Самара-Шымкент» республикалық маңызы бар автожолының 965 шақырымында орын алған.
ТЖД күштерімен жолаушылар Қарабұтақ ауылының мешітіне көшірілді, медициалық көмек қажет болған жоқ.
Министрлік азаматтарға ауа-райының өзгеруін қадағалауға, ауа-райының нашарлауы және автожолдарда автокөлік қозғалысына шектеулер қойылған кезінде жолға шықпауға кеңес береді.
Сондай-ақ автокөліктің техникалық жағдайын қадағалауды ұсынады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы