Ақтөбе облысында жүк көлігі өртенді
«Самара-Шымкент» республикалық маңызы бар автожолының 794 ш. Хромтау ауданында дәрі-дәрмекпен тиелген жүк көлігінің өртенді, , деп хабарлайды BAQ.KZ.
Құтқарушылар күшімен 1991 ж.т. көлік жүргізушісі құтқарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасының қызметкерлеріне берілді.
Өрт сөндірушілер қоңырау түскен сәттен бастап 32 минут ішінде өртті жойды. Өрттің себебі анықталуда.
ТЖМ естеріңізге салады:
Егер өрт қозғалыс кезінде орын алса, жол жиегіне жақындап көлікті тоқтату керек.
Қозғалтқышты өшіріп, көлікті қол тежегішіне қою керек.
Барлық жолаушыларды салоннан шығарып, құжаттарыңызды алып, өрт туралы 112 нөмеріне хабарлау қажет!
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Маңғыстауда жыл басынан бері 603 адамды ит тістеп алған
Өзгелердің жаңалығы