Ақтөбе облысында жолаушылар автобусы аударылды
29 желтоқсанда сағат 18:50-де Әйтеке би ауданы, "Қарабұтақ - Қостанай" тас жолының 132-ші шақырымында жолаушылар автобусы аударылып, ондағы шетел азаматтары төтеншеліктердің көмегімен аман-есен эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнында зардап шеккендер жоқ.
Жолаушылар "Екатеринбург-Шымкент" бағытындағы автобуста болған. Оқиға орнында аудандық төтенше жағдайлар бөлімдері қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, полиция бөлімі қызметкерлері болды. Өзбекстанның 32 азаматы Т.Жүргенов ауданындағы мешітке эвакуацияланды, - деді Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға ауа райындағы өзгерісті қадағалауға, ауа райының нашарлауы және жолдардағы көлік қозғалысына енгізілген шектеулерге дер кезінде көңіл бөліп, алыс сапарға шықпауға кеңес береді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда жаңа жыл түні мерекелік отшашу болады
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы