Ақтөбе облысында жол жөндеу жұмыстары басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3 мамыр күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин «Ақтөбе-Қандыағаш» автомобиль жолының және Елек өзені арқылы өтетін көпірден Кірпішті ауылы бағытындағы «Ақтөбе-Орск» автожолына дейінгі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Қолайлы ауа райы жағдайының қалыптасуымен жоғарыда аталған жолдарда жөндеу жұмыстары қайта жанданды.

Ақтөбе-Қандыағаш республикалық жолының 11-ші шақырымында асфальт төсеу жұмыстарын бастады. Жұмысқа 150 адам мен 20-дан астам арнайы техника жұмылдырылған.

«Сине Мидас Строй» мердігер ұйымы жұмыс істеп жатыр. Асфальтты Бестамақтағы өнімділігі сағатына 250 тонналық зауыт шығарады. Бұл жеткілікті. Бірінші қабатты төсеуді бастаймыз, кейін екінші қабат болады, содан кейін біз қозғалысты ашамыз. Соңғы қабат – қиыршық тас-мастика қоспасы кейін төселеді, - деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры Марат Махамбетов.

Қайта жөндеуден кейін жол төрт жолақты болады. Жоба бойынша жөндеу жұмыстары 2023 жылы толықтай аяқталады. Дегенмен, осы айдың соңына дейін мердігерлер Бестамақтағы екі жолақты асфальттауды аяқтауы керек, бұл көлік қозғалысына жол ашады. Одан кейін Алғаға дейін, ал биылғы жылдың күзіне қарай Қандыағашқа дейін екі жолақ ашылады.

«Оңтүстік айналма» автомобиль жолының күрделі жөндеуі қайта жанданды.

Биыл біз 41 жол айрығының мәселесін түбегейлі шешуіміз керек. Өткен жылы мердігер бұл жолдың бүкіл қабатын ашқанымен, өз міндетін атқара алмағандықтан, 41-ші жол айрығының тұрғындары мен жүргізушілерге біраз ыңғайсыздық тудырды. Бұл жолдың бойында қаржыландыру мәселесі жоқ, бірақ көп нәрсе мердігерлердің жауапкершілігіне байланысты. Күзге дейін өткелді толық ашуымыз керек, - деген облыс әкімі бұл жолдағы жұмыс барысын күнделікті бақылауда ұстауды тапсырды.

Елек өзені арқылы өтетін көпірден ескі асфальтбетон жабындысын ашу Кірпішті ауылы бағытындағы «Ақтөбе-Орск» тасжолына дейінгі жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Біз бөлімдер бойынша жұмыс істейміз. Шартты түрде екі шақырымды аяқтаймыз, сосын ары қарай жылжимыз. Қала күніне (28 мамыр) біз Родниковкаға бұрылыс ашып, жұмысты жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Жұмыстар бүкіл көлемі бойынша параллельді түрде жүріп жатыр. Бұтақ өзені арқылы өтетін көпірді кеңейтуге кірістік. Ол төрт жолақты болады. Жыл соңына дейін көлік қозғалысы екі жолақпен ашылуы керек, - дейді «АФ Коквест» ЖШС мердігерлік ұйымының директоры В.Проскурин.

Облыс әкімі жұмысты барынша жылдамдатуды тапсырды. Сондай-ақ ол биылғы жылы Елек өзені арқылы өтетін көпірді кеңейту жұмыстарын бастау керектігін еске салды.

Сонымен қатар, жақын жерде көпір салынады, нәтижесінде төрт жолақты өткел пайда болады. Бұл кептелісті азайтады. Қарғалы өзені арқылы өтетін көпір де кеңейтіледі, - деді Оңдасын Оразалин.  

Айта кетерлігі, биылғы жылы қаланың өсіп-өркендеуіне байланысты магистральдық жолдарды қайта жаңғырту және кеңейту бойынша тағы екі жобаны жүзеге асыру қамтамасыз етілмек. Атап айтқанда, Тәуелсіздік даңғылынан Сәңкібай батыр даңғылына дейінгі учаскеде Тәуелсіздік даңғылы 8 жолаққа дейін, Мұстафа Шоқай көшесі 6 жолаққа дейін кеңейтіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы