Ақтөбе облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
Оқиға 6 шілде Шалқар ауданының аумағында, Самара-Шымкент тас жолының 1235 шақырымында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Hyundai Sonata автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі қарсы бағытта келе жатқан Iveco Magirus жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі, сондай-ақ 20 және 23 жастағы үш жолаушы оқиға орнында қайтыс болды.
ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ақтауда 700-ге жуық жас жауынгер ант берді
Өзгелердің жаңалығы