Ақтөбе облысында жол апатынан Өзбекстанның 4 азаматы мерт болды

Ақтөбе облысында жол апатынан Өзбекстанның 4 азаматы мерт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

4 наурызда Солтүстік айналма жолда КамАЗ жүк көлігі мен Cobalt жеңіл автокөлігі соқтығысқан. 

Салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен үш жолаушы оқиға орнында мерт болды. Барлығы – Өзбекстан Республикасының азаматтары.

Сотқа дейінгі тергеу басталды және жол апатының себебі анықталып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы