Ақтөбе облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты
Ақтөбе облысында қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
21 тамыз күні сағат 12:30-да Темір ауданына қарасты «Покровка – Жаңажол»автожолының 54-шақырымында Қандыағаш қаласынан Кеңкияқ ауылы бағытында Lada Largus автокөлігі аударылып қалған. ЖКО салдарынан автокөлік құралын басқарған 40 жастағы әйел және үш жолаушы (оның ішінде бір бала) оқиға орнында, тағы бір жолаушы ауруханада көз жұмды.
Сонымен қатар бес адам (оның ішінде үшеуі бала) Кеңкияқ ауруханасына жатқызылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өткен тәулікте 478 адамнан вирус анықталды
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы