Кеше 2026, 22:48 Фото: Polisia.kz

Ақтөбе облысында жоғалған бала бес күннен бері табылмай жатыр

Іздеу жұмыстарына әскери қызметшілер мен жергілікті тұрғындар да тартылған.

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданына қарасты Сарыжар ауылында жоғалған баланы іздеу жұмыстары бес тәуліктен бері жалғасып жатыр. Бұл туралы BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Іздестіру шараларына полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері, құтқарушылар, оның ішінде сүңгуірлер мен кинологтар жұмылдырылған. Сонымен қатар ұшқышсыз ұшу аппараттары мен арнайы техника қолданылуда. Іздеу жұмыстарына әскери қызметшілер мен жергілікті тұрғындар да тартылған.

Бүгін Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы Қайыркен Әлиев Мәртөк ауданына арнайы барып, іздестіру жұмыстарының барысымен танысты. Ол жұмылдырылған жеке құрамға іздеу тиімділігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар беріп, әрбір детальге мұқият қарауды, күмәнді жайттарды назардан тыс қалдырмауды және жедел баяндауды тапсырды.

Еске сала кетейік, 29 наурыз күні Сарыжар ауылында 2016 жылы туған бала жоғалып кеткен. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.