Ақтөбе облысында жоғалған азамат табылды

Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Шетырғыз ауылдық округі аумағында, Қаратоғай ауылы маңында 1983 ж.т. малшының жоғалып, іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілген. Бүгін жоғалған азамат аман табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Азамат шаруа қожалығының аумағынан жаяу шығып, Шалқар қаласы бағытына бет алғаннан кейін хабар-ошарсыз кеткен. Онымен мобильді байланыс болмады. Іздестіру жұмыстарына ТЖМ, ПД күштері мен құралдары, Ауыл құтқарушылары мен шаруа қожалығының қызметкерлері тартылды. Бүгін таңертең жоғалған азамат іздестіру тобы арқылы Сарысоқы ауылынан 2 шақырым қашықтықта табылды. Ер адамның жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмекке мұқтаж емес, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында мал іздеуге шыққан ер адамның денесі табылғанын хабарладық. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жапонияда жер сілкінді
Өзгелердің жаңалығы