Ақтөбе облысында жедел жәрдем көлігі қарға батып қалды
Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында қолайсыз ауа райы салдарынан Төтенше жағдайлар департаментінің күштерімен авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жоғары өтімді техника көмегімен ТЖД қызметкерлері жедел медициналық жәрдем көлігін Шеңбертал ауылынан Ырғыз ауылына дейін қауіпсіз жеткізуді қамтамасыз етті. Көлікте шұғыл медициналық көмекке мұқтаж 1987 жылы туған ер адам мен 2003 жылы туған әйел болған.
Жолдың қар басуға бейім учаскелерінде жедел жәрдем көлігі екі мәрте қарға батып қалды. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында көлік уақытылы босатылып, қозғалыс жалғастырылды.
Нәтижесінде медицина қызметкерлері мен науқастар Ырғыз ауылына аман-есен жеткізіліп, тиісті медициналық көмек көрсетілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сирек металдар: Жаңа кен орындары қай өңірде ашылатыны айтылды
Келесі жаңалық
Депутаттар жаңа заң жобаларын жұмысқа алды
Өзгелердің жаңалығы