Ақтөбе облысында жедел жәрдем әйел мен нәрестені ауруханаға жеткізе алмады
Ақтөбе облысында жедел жәрдем боранға байланысты әйел мен нәрестені ауруханаға жеткізе алмай, құтқарушылар оларға көмек көрсеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқиға 16 қаңтардың түнінде Мұғалжар ауданы, Ащысай ауылында орын алған.
«Жұрұн – Қаракөл – Ащысай» жолында жедел жәрдем көлігі қолайсыз ауа райы мен көріну шектелуіне байланысты тоқтауға мәжбүр болды.
Апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ТЖД күштері жұмылдырылған.
Қарлы боранда жолдан өтетін жоғары өтімді техника қолданылып, шұғыл ауруханаға жатқызуды қажет еткен науқастар эвакуацияланды. Олар 1983 жылы туған әйел мен 2024 жылы туған бала. Ана мен сәбиге Қандыағаш қаласындағы медициналық мекемеде қажетті медициналық көмек көрсетілді, - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін ТЖМ тікұшағы жаңа туған сәбиді шұғыл түрде Атырауға жеткізген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қыста шетелге саяхаттау арзан болады – маман
Өзгелердің жаңалығы