Ақтөбе облысында жанармай құю бекетінде екі жарылыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жанармай бекетімен бірге бірнеше көлік және әкімшілік ғамараты өртеніп кеткен.
Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, Алға қаласындағы Абай көшесінің бойында орналасқан "ЛиманГаз" жанармай құю бекетінде жарылыс болған.
Облыстық ТЖД қызметкерлері 2 көтергіші бар техника мен екі цистернаны оттан сақтап қалды. Өрт сағат шамамен 20:02-де сөндірілді. Адамдар дін аман. Газ құю стансасының үш қызметкері оқиға орнынан өздері кетіп үлгерген,- деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, оттың қалай тұтанғаны әзірге белгісіз. Қазіргі кезде анықтау жұмыстары жүріп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
18 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Ресей агроөнім саудасын жеңілдетеді
Өзгелердің жаңалығы