Ақтөбе облысында заңсыз балық аулаған 6 адам ұсталды: 17 қап балық тәркіленді
Ерекше қорғалатын табиғи аумақта заңсыз балық аулаған алты адам қолға түсті. Полиция қандай көлемде балық пен құрал-жабдық тәркілегенін оқыңыз.
Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ерекше қорғалатын табиғи аумақта заңсыз балық аулау дерегінің жолын кесті.
Ырғыз ауылынан 75 шақырым жерде орналасқан, ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жататын «Айкөл» көлінде заңсыз балық аулап жүрген 6 жергілікті тұрғын ұсталды.
Оқиға орнын қарау барысында «УАЗ», ВАЗ-2107 және «УАЗ Патриот» автокөліктері, ұзындығы 100 метрден болатын екі балық аулау торы, екі үрлемелі резеңке қайық, сондай-ақ сазан және шортан тұқымдас балықтар салынған 17 қап тәркіленді, - деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.
Тәркіленген автокөліктер аудандық полиция бөлімінің арнайы тұрағына қойылды.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабы («Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Қоршаған ортаға келтірілген залал көлемі уәкілетті органның қорытындысымен айқындалатын болады.
Еске салсақ, ШҚО-да Қызыл кітапқа енген балықтарды аулаған браконьерлер ұсталған еді. Марқакөл және Урунхайка ауылдарында жүргізілген тінту барысында бағалы балық түрлерінің 700 келіден астамы, оның ішінде ускуч пен хариус балығы, сондай-ақ 200 литрден астам ускуч уылдырығы тәркіленді.
- Қарағанды облысында азық-түлік бағасын көтерген 155 кәсіпкер жауапқа тартылды 04:27
- Швейцария Ресейге қарсы санкцияларды кеңейтті 03:40
- Алматы тауларында жоғалған екі жасөспірім аман-есен табылды 02:34
- «Ауыл» партиясы агросекторға арналған бірыңғай цифрлық платформа құруды ұсынды 01:38
- Колумбиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 312-ге жетті 01:29
- Respublica: Жақсы жалақы, баспана, білім мен медицина халыққа қолжетімді болуы тиіс 00:46
- ҚХП өңірлердегі өмір сапасының бірыңғай стандартын белгілеуді ұсынды 00:30