Ақтөбе облысында ТЖМ құтқарушылары 60 тұрғынды эвакуациялады

Оқиға Хромтау қаласында, Есет батыр көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің пәтерінде болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Иілгіш жалғағыш газ шлангінің герметизациясының бұзылуынан табиғи газ жанды., - деп жазылған хабарламада.

Құтқарушылар 60 тұрғынды эвакуациялады, оның ішінде 15 бала. Өрт сөндірушілер газды жедел жауып, алау жануын жойды.

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, уақытында өртке әкелуі мүмкін бұзушылықтар мен жағдайларды жоюды сұрайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы