Ақтөбе облысында суармалы алқаптар кеңейтіліп жатыр
Ақтөбе облысында суармалы алқаптар аумағы ұлғайтылып жатыр. Ойыл ауданында жергілікті шаруалар жаңбырлатып суару технологиясын игеруге көшті, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Заманауи техниканы биыл 100 гектарға жоңышқа еккен үлгілі серіктестік қолдана бастады. Суармалы егіске арналған құрылғы ауданға алғаш рет әкелінді. Алдағы уақытта тағы төртеуі жеткізіледі. Бұл жобаға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілген.
Жалпы кейінгі екі жылда суармалы дәнді-дақыл мен мал азығын өсіруші қожалық саны 11-ге жетті. Келер жылы тағы бірнешеуі екпе шөп өсіруді қолға алмақ. Ойыл табиғаты ыстық, жері шөлейтті өңірдегі аудандардың бірі. Сондықтан да тың тәжірибе шаруалар арасында кеңінен насихатталады.
Бұның 50 процентін мемлекет субсидия ретінде бізге қайтарып берді. 85-90 гектарды суарады мына құрылғы жалғыз өзі. Соны 3-4 жылдың ішінде осы аумақта біз 300 гектарлық суармалы егістік ұйымдастыру жоспарымыз бар, - деді шаруа қожалығының басшысы Абыл Сатаев.