Ақтөбе облысында су тасқынынан эвакуациялау шаралары жалғасуда

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтөбе гарнизонындағы әскери полиция бөлімінің және 30238 әскери бөлімінің жеке құрамы Ақтөбе облысы Темір ауданы Сарыкөл ауылында су тасқынынан эвакуациялау шараларын жалғастыруда.

Суға бөгет болу үшін құм салынған қапшықтарды жол бойына төсеуде.

Сарыкөл ауылындағы су басқан үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы