Ақтөбе облысында су тасқынына себепші болған әкімдік қызметкері қамалды

Ақтөбе облысындағы "Магаджан" су бөгетінің қирауына қатысты қозғалған қылмыстық іс аяқталып, Хромтау аудандық әкімдігінің қызметкері сот үкімімен бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілші.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, шенеуніктің өз қызметтік міндеттерін тиісінше орындамауы апатқа себеп болған. Ол бөгеттің техникалық жағдайын бақыламаған, уақытылы тексеріс жүргізбеген және төтенше жағдайдың алдын алуға қажетті шараларды қабылдамаған.

Нәтижесінде Алға ауданының бірнеше елді мекені мен Ілек және Қарғалы өзендерінің бойындағы бау-бақша ұжымдарын су басып, 215 адам, соның ішінде 96 бала қауіпсіз жерге көшірілген.

Тергеу қорытындысы бойынша келтірілген залал сомасы 211 миллион теңгеден асқан. Сот шешімімен әкімдік қызметкері 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы