Ақтөбе облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізілуде

Бүгінгі күні ұзындығы 16 км су тасқыны қаупі бар өзендердің түбін тереңдету, жағалауды нығайту, тазарту бойынша жұмыстар жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, су өткізу құрбырларын, арықтар мен каналдарды тазарту жұмыстары жалғасуда.

 

Су тасқыны жағдайы күрделенген жағдайға әкімдікпен бірлесіп, жалпы саны 1 638 адам, 350 техника, 66 жүзу құралы, 232 мотопомпадан тұратын күштер мен құралдар дайындыққа келтірілді. Жанар-жағар май, инертті материалдар, қаптар қорлары дайындалды, - деп жазылған хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы