Ақтөбе облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізіліп жатыр

Ақтөбе облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгінгі күні ұзындығы 16 км су тасқыны қаупі бар өзендердің түбін тереңдету, жағалауды нығайту, тазарту бойынша жұмыстар жүргізілді. Су өткізу құрбырларын, арықтар мен каналдарды тазарту жұмыстары жалғасуда, - делінген ведомствоның хабарламасында.

Су тасқыны жағдайы күрделенген жағдайға әкімдікпен бірлесіп, жалпы саны 1 638 адам, 350 техника, 66 жүзу құралы, 232 мотопомпадан тұратын күштер мен құралдар дайындыққа келтірілді. Жанар-жағар май, инертті материалдар, қаптар қорлары дайындалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы