Ақтөбе облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізілуде
Әйтеке би және Алға аудандарында Ырғыз, Тамды, Шолақ және Қарақобда өзендері арналарының жалпы ауданы - 3600 шаршы метр учаскелерінде жарылыс жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР ТЖМ 20982 әскери бөлімінің күштері Қобда ауданы Қобда ауылындағы 500 м су бұру арналарын қардан және мұздан тазартты, Хромтау ауданы Құдықсай ауылындағы 300 м бөгет нығайтылды, Темір ауданы Шұбаршы ауылындағы қауіпті су тасқынына 600 дана қап салынған су басу учаскелерінде ұзындығы 600 м және биіктігі 2 қатар тосқауылдар салынды.
Сондай-ақ облыс бойынша ТЖД, ІІМ Ұлттық ұланының 6655 ӘБ және ЖАО күштері қар шығару, су ағындарын тазалау және жағалауларды нығайту бойынша жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде облыс бойынша 39 160 м3 қар шығарылды, 135 м2 өзен арнасы қамыстан тазартылды, 37 721 м3 су сорылды, 65 м3 мұз кесілді, - деп жазылған хабарламада.
Облыста су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Алматыда бірқатар заңсыз коммерциялық нүктелер бұзылып жатыр
Өзгелердің жаңалығы