Ақтөбе облысында су тасқыны жағдайы тұрақтанды
Өзендердегі су деңгейлері түсуде. Ақтөбеде Қарғалы су қоймасына келіп жатқан ағын судың деңгейі де, көлемі де азайды. Қауіп сейілді, - деді Ақтөбе облысы ТЖД ТЖ алдын алу бөлімінің бас маманы Әлішер Сарбаев ОКҚ алаңында өткен брифингте, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазір облыс бойынша 7 жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ тіркелген.
Ырғыз ауданында Қостанай облысынан ағып келетін Торғай өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты Нұра және Мамыр елді мекендерін су басу қауіпі сақталуда. Бұл жерлерде ТЖ қаупін жою бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Бөгеттер нығайтылып, қаптар төселіп, инертті материалдар жеткізілуде. Сонымен қатар жанар-жағармай, қосымша қаптар, гуманитарлық көмекті жеткізу, эвакуациялық іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Облыс бойынша ТЖ салдарын жою жөніндегі жұмыстар қолға алынды, - деді спикер.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Су тасқыны: Ел бойынша 12 мың адам үйіне оралды
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы