Ақтөбе облысында сегіз тұрғынды сан соқтырған алаяқ қолға түсті
Полицейлер Ақтөбе облысының сегіз тұрғынын алдап кеткен күдіктіні ұстады. Полицияға облыс тұрғындары зейнетақы қорынан ақша алуға көмек көрсетуге уәде берген әйелдің үстінен арызданды, деп хабарлайды BAQ.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Күдікті әйел белгілі бір сыйақыға зейнетақы қорынан ақша алып беруге уәде берген. Жәбірленушілер оған 250 мыңнан 350 мың теңгеге дейінгі сомада ақша аударған. Күдікті сегіз адамды алдаған.
Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта полицейлер жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізуді жалғастырып жатыр, сондай-ақ заңсыз әрекеттерден зардап шеккендердің бар-жоғын анықтайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы