Кеше 2026, 23:27
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Ақтөбе облысында құтқарушылар мен еріктілер жарылыстың алдын алды
ТЖМ тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Ақтөбе облысында құтқарушылар мен еріктілер өрт кезіндегі жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ мәліметінше, оқиға Маржанбұлақ ауылында болған. Жеке тұрғын үй аумағында орналасқан моншадан өрт шыққан.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері мен «Ауыл құтқарушылары» еріктілері жедел жеткен. Өртті сөндіру кезінде мамандар жалын ошағынан көлемі 50 литрлік тұрмыстық газ баллонын дер кезінде алып шықты. Соның арқасында жарылыс қаупі мен оттың өзге аумаққа таралуының алдын алу мүмкін болды.
Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды.