Ақтөбе облысында қайын атасы келінін зорлады деген күдікпен ұсталды
Ақтөбе облысында қайын атасы келінін зорлады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ақтөбе облысында қайын атасы келінін зорлады деген күдікпен ұсталды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Алға ауданының 22 жастағы тұрғыны полицияға жыныстық зорлық көргенін айтып арызданған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Полиция Алға ауданының 22 жастағы тұрғынын зорлау фактісі бойынша күдіктіні ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қылмыстық істі жан-жақты, әрі объективті тергеуге бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Қылмыстық іс бойынша өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді, – деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында 15 жасар жасөспірім босанып, 71 жастағы зейнеткер қамауға алынған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
БҰҰ: 2025 жылы Ливаннан 378 мың сириялық еліне оралды
Өзгелердің жаңалығы