Бүгiн 2026, 07:14 Фото: Скриншот

Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған 17 адам құтқарылды

Зардап шеккендер жоқ.

Ақтөбе облысында қолайсыз ауа райына байланысты ТЖМ құтқарушылары жолдарда авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Хромтау ауданында жабық автожол учаскелерін патрульдеу кезінде қар құрсауында қалған 4 жеңіл автокөлік шығарылды. Көліктерде 11 адам болған. Зардап шеккендер жоқ.

Кейін Қарғалы ауданында «Донское – Бадамша – Ақтөбе – Орск» облыстық маңызы бар автожолының 65-шақырымында, Бадамша ауылынан 10 шақырым жерде боран салдарынан қарға кептелген 1 жеңіл және 1 жүк көлігі құтқарылды. Оларда 6 адам болған.

Жалпы құтқару жұмыстары барысында 6 автокөлік қар құрсауынан шығарылып, 17 адам аман-есен құтқарылды. Медициналық көмекке мұқтаж болғандар жоқ.