Ақтөбе облысында қала әкімі өз-өзіне қол жұмсады

Темір қаласының әкімі өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

46 жастағы Еркін Оразбекұлы Далмағамбетовтің денесі 20 желтоқсанда кешкі тоғыз шамасында үйінен табылған.

Аудан әкімдігі мен полиция қайғылы оқиғаны растады. 

Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды, – деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.

Еркін Далмағамбетов өткен жылдың маусым айынан бері Темір қаласының әкімі қызметін атқарып келді. Бұрын мемлекеттік қызметте әртүрлі лауазымдарда болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы