Ақтөбе облысында прокурорлар инвесторларға көмектесті

Ақтөбе облысында қазіргі таңда прокуратура органдарының үйлестіруімен инвестиция сомасы 7,3 млрд теңгеден асатын инвесторлардың 2 проблемалық сұрағы шешілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мысалға, облыс аумағында «Эрудит Бизнес» ЖШС-ның «Эрудит» жеке бизнес мектебін салу бойынша инвестициялық жобасы іске асырылуда. Жобаны іске асыру Біріккен Араб Әмірліктерінен инвесторлардың ақшалай қаражатын тарта отырып жүзеге асырылады.

Жыл басында инвесторға бөлінген жер учаскесі инфрақұрылыммен және коммуникациялық желілермен (жарық, су, газ және т.б.) қамтамасыз етілмегені анықталды.

Фронт-офис алаңындағы жұмыс кездесуінің нәтижелері бойынша «Эрудит Бизнес» ЖШС-ні қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген және инвестордың қажеттіліктеріне жауап беретін учаске бөлу туралы мәселе шешілді.

Басқа жағдайда, «Мұнайхим ЛТД» ЖШС өткен жылдың соңынан бастап «химиялық реагенттер өндіретін зауыт құрылысы» жобасы іске асырылуда, ол газдың қажетті көлемінің болмауына байланысты өз өндірісін бастай алмады.

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ және басқа да уәкілетті органдардың басшылығымен жұмыс кездесуінің қорытындысы бойынша қажетті газ көлемін бөлу сұрағы шешілді. Қазіргі уақытта зауыт іске қосылды.

Инвесторларды қолдау прокуратура, жергілікті атқарушы органдар, қаржы мониторингі агенттігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, «Атамекен» ҰКП және «Kazakh Invest «ҰК» АҚ өкілдері бар арнайы құрылған Фронт-офистер арқылы жүзеге асырылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы